Подписка на рассылку новостей ГУ «Отдел образования города Сарани» Карагандинской области
ГлавнаяБөлім жұмысының есебі

Бөлім жұмысының есебі




2016 жылғы
«Саран қаласының білім бөлімі» ММ жұмысы туралы
Білім берудің стартегиялық мақсаты – Қазақстанда ннновациялық қоғамды қалыптастыруға ықпал ету. Оның жолы біреу-ақ: білім беру жүйесін жаңғыртуды қолдау, экономиканың инновациялық даму қажеттілігінің сәйкестігіне көбірек қол жеткізу.
Саран қаласының білім бөлімі өзара іс-қимыл жасайтын құрылымдар жүйесі. Білім беру ұйымдарының желісі 8 жалпы орта білім беретін мектепті, 11 мектепке дейінгі ұйымдарды және 4 мектептен тыс ұйымдарды қамтиды.
Білім алуға және мектепке дейінгі білімге қол жеткізуді кеңейтудегі мектеп жасына дейінгі балаларға тең бастапқы мүмкіндіктерін қамтамасыз ету мақсатында, қалада 8 мектепке дейінгі мекемер және 3 мектепке дейінгі шағын-орталық қызмет көрсетеді.
Қаланың мектепке дейінгі балалар мекемесінде балаларды қамту пайызы 1-ден 6 жасқа дейінгі балалардың жалпы санынан – 88,6%, 3- тен 6 жасқа дейінгі балалардың жалпы санынан 98,7 % пайызды құрайды.
Бірақ балаларды мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезекке қою, проблема болып қалып отыр.
2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде орын күтіп отырған 0 - ден 6 жасқа дейін 1406 бала, оның ішінде жасы 3-тен 6-жасқа дейін 427 баланы құрайды.
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен балаларды қамту мәселесін, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде қосымша алаңдарды ашу есебінен шешу.
Қазіргі уақытта мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында, Ақтас кентіндегі балалар бақшасының құрылыс мәселесі қаралуда.
Қалада 8 жалпы білім беретін мектеп қызмет көрсетеді. Бір мектеп қазақ тілінде, 5 мектеп орыс тілінде, екі мектеп аралас тілде оқытады.
2013 жылдан 2016 жыл аралығында оқушылар контингенті 192 білім алушыға артты, 2017 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша 4379 оқушыны құрайды.
Қала мектептерінде оқушыларға орын тапшылығы жоқ. Апатты жағдайда және үш ауысымда мектептер жоқ. №2 және №7 мектептерде сабақ 1 ауысымда, басқа мектептерде екі ауысымда өткізіледі.
Қала мектептерін заманауи пәндік кабинеттермен және компьютерлік техникамен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар жалғастырылуда.
Қала мектептерінде барлығы 560 бірліктегі компьютерлік техника бар.
Қала бойынша 1 компьютерге шаққандағы оқушылар көрсеткіші – 8,5, облыстық көрсеткіште 6,4 және республика бойынша 10 адамды құрайды.
2017 жылы жалпы сомасы 54 900 мың теңгеге 366 компьтер алу жоспарлануда.
Кең жолақты интернетке қосылған мектептер саны 100% құрайды.
Жұмыстардың мүмкіндігін арттыруға және әр түрлі деңгейдегі конференцияларға және интерактивті сабақтарға қатысуға ықпал ететін, 42 интерактивті тақталар орналастырылған.
Соңғы жылдар ағымында қала мектептері жаңа модификациядағы пәндік кабинеттермен және интерактивті құралдармен толығуда.
Қала мектептері жаңа модификациядағы физика, химия, биология, мультимедиялық кабинеттермен жабдықталуы 59,3% (32 кабинеттің 19-ы) құрайды.
2017 жылы жалпы сомасы 6775 мың теңгеге бір химия кабинетін, 9193  мың теңгеге бір биология кабинетін, сомасы 15536 мың теңгеге 3 робототехника кабинетін алу жоспарлануда.
Мектептердің басты мақсаты – білім берудің жаңа сапасына шығу. 
Қазақстан Республикасында 2004 жылдан бастап мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың қойылатын талаптарына білім мазмұнының сәйкестігін анықтау үшін, ҰБТ түрінде оқушылардың оқу жетістіктеріне сырттай тәуелсіз бағалау енгізілген.
2016 жылы ҰБТ 42 оқушы қатысты, бұл 11 сынып оқушыларының жалпы санынан 42,4% құрайды.
Орташа балл академиялық білім сапасының көрсеткіші болып табылады.
2016 жылы ҰБТ қорытындысы қала бойынша 95,9 құрады, бұл 2015 жылдан 14,73 балға, облыстық көрсеткіштен 14,04 жоғары.
2016 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша біздің қала облыста 1 орынды иеленді.
Жалпыға білім беру қоры, жазғы демалысты және сауықтыруды  ұйымдастыру  арқылы көрінетін оқушыларды әлеуметтік қолдау білім берудегі қолжетімділіктің басты маңызды аспектісі болып табылады
2016 жылы бюджеттен жалпыға білім беру қорына 9 млн. 575 мың теңге бөлінді, бұл  бюджетте қарастырылған мектепті ұстауға арналған шығыстар сомасының 1,5 % құрайды. 2015 жылмен салыстырғанда, жалпыға білім беру қорына бөлінген қаражат 1 млн. 766 мың теңгеге (40%) артты.
Дәл, осы мектеп кезеңінде адамның алдағы өмірінің денсаулығы қалыптасады.
Балалардың денсаулығын сақтау білім ұйымдарындағы тамақты ұйымдастыру мәселесінің маңыздылығын айқындайды.
Барлық мектеп асханалары тамақты ұйымдастыруға мүмкіндік беретін технологиялық жабдықтармен және ыдыстармен жабдықталған. Алайда, технологиялық жабдықтардың тозуы проблема болып қалып отыр.
Балалар мен жасөспірімдердің өсу кезеңінде қозғалыс белсенділігі жоғары, сондықтан да мектеп балаларды дене шынықтыру және спортпен қамтамасыз етуге тиіс.
Салауатты өмір салтын нығайту үшін білім ұйымдарында дене шынықтыру және спорттық дамуға аса көңіл аударылады.
Қала мектептерінде дене шынықтыру және спорт жүйесін дамыту үшін сабақтар (аптасына 3 сағат), тегін секциялар мен үйірмелер, спорттық клубтар арқылы жүргізіледі
2016 жылы мектептерде 1200 баланы қамтыған 49 тегін спорттық секциялар ұйымдастырылды (2015 жылы -45), бұл 2015 жылмен салыстырғанда 150 балаға артық.
Спорттық құрал –жабдықтармен қамтамасыз етілуі 75% құрайды, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 9,2% артық.
Білім ұйымдарының негізгі міндеті демалыс уақытында жазғы демалысты ұйымдастырып өткізу.
2016 жылы жазғы демалыспен, жұмыспен және бос уақытпен 1-10 сынып оқушыларының жалпы санынан 96% ( 2015 жылы – 96%), оның ішінде 1-10 сынып оқушыларының жалпы санынан сауықтыру демалысымен 1746 бала, 44,4 %, жұмыспен – 2178 бала, 52,2 %, қамтылды.
Балалардың сауықтыру лагерлеріне жолдама алу үшін жалпыға білім беру қорынан 830 мың теңге (2015 жылы – 890 мың теңге) бөлінді. Бірінші кезекте жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасының балаларын сауықтыру ұйымдастырылады, 2016 жылы 25 жолдама алынды.
2016 жылы маусым айында 3585 баланы қамтыған мектеп жанындағы 6 лагерь (2015 жылы - мектеп жанындағы 6 лагерь, 3415 бала), 200 баланы қамтыған 2 мектеп жанындағы алаң (2015 жылы – 2 алаң, 200 бала) жұмыс істеді.
Көп балалы, аз қамтылған отбастарының барлық балалары, жетім балалар мен қорғаншылықтағы балалар, мүгедек балалар және дамуында мүмкіндігі шектеулі балалардың барлығы, барлық жазғы ісшаралармен қамтылған.
Балалардың жазғы демалысын және жұмыспен қамтылуын жүзеге асыру барысы жөнінде тұрғындарды ақпараттандыру мақсатында, білім бөлімі осы мәселені жергілікті газет беттерінде жариялайды.
Қала мектептерінде білім сапасын арттыруға бағытталған эксперименттік жұмыс жалғастырылуда. №1 мектепте страттық деңгейлеп оқытуды енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде, оның мақсаты жеке қабілеттері мен олардың білім алу қажеттіліктерін мен мүдделерін есепке алу негізінде, білім беру сапасын арттыру.
№6 мектепте «1 оқушы – 1 компьютер» электрондық оқыту ортасының бастауыш мектептің білім беру үдерісіне әсері» эксперименттік жұмысы енгізілуде, оның мақсаты - бастауыш сатыда оқушылардың зияткерлік белсенділігін қалыптастыру және негізгі құзыреттіліктерін дамыту үшін, білім беру үрдісіне электрондық ортаны енгізуге жағдай жасау.
№ 6, 13 мектептерде  Саран қаласының №4 колледжімен «Саран қаласының №4 кәсіби лицейі» ММ ресурстық орталығында үздіксіз білім беру жүйесін құру» эксперименттік тақырыбындағы  бірлескен жұмыстар жалғасуда. 8 - 9 сынып оқушыларының арасында ерте кәсібилендіру мәселесін шешу осы жұмыстың мақсаты болып табылады.
Қалған мектептерде, сондай-ақ, оқушыларға жағымды оқу мотивтері мен танымдық қызығушылығын дамытуды  қалыптастыруға мүмкіндік беретін белгілі бір бағытты жүзеге асыруға ықпал береді.
Білім берудің міндеті білімнің, белгілі немесе басқа жиынын білу ғана емес, сонымен қатар оқушылардың өз бетімен ізденуге және стандарттық емес жағдайларда оларды қолдана білуге үйретеді.
Бұл міндет оқушылардың пәндік олимпиадаларға, әр түрлі деңгейдегі ғылыми жобалар жарыстарына қатысуымен жүзеге асырылады.
2014 жылмен салыстырғанда облыстық олимпиадаға қатысушылар саны 6% өсіп, жүлдегерлер саны 4% артты. Облыстық олимпиадаға қатысқан 9 оқушының екеуі жүлделі орындарға ие болды.
Жоғары сынып оқушылары облыстың және республиканың ЖОО базасында өткізілетін олимпиадаларға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болуды.
Интеллектуалды дарынды оқушыларды анықтау мақсатында, дәстүрлі ғылыми жоба жарысы өткізіледі.
Қосымша білім білім беру үдерісін құрайтын маңызды бір бөлігі ретінде қарастырылады. Қосымша білім желісі 4 мектептен тыс мекемені, 2 өнер мектебін, спорт мектебін, жас техниктер станциясын, балалар мен жастар орталығын құрайды.
2015 жылмен салыстырғанда мектептен тыс мекемелерге баратын балалар саны 0,1 % артты және 2192 адамды құрайды. Бұл қосымша білім мекемесі бөлімдерінің , үйірмелерінің дамуына байланысты.
Қаланың қосымша білім беру  ұйымдарының оқушылары облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі шығармашылық және спорттық жарыстардың жеңімпаздары және белсенді қатысушылары болып табылады.
2015 – 2016 оқу жылдарының бірінші жартыжылдығында ғана:
- облыстық конкурстарда 3 бірінші орын, 14 екінші орын, 9 үшінші орынды;
- республикалық конкурстарда 1 бірінші орын, 3 екінші орын, 5 үшінші орынды;
- халықаралық конкурстарда 15 бірінші орын, 8 екінші орын, 3 үшінші орын ды иеленді;
Бөлім алдындағы негізгі міндеттер болып: қаланың жалпы білім беретін мекемелерінің желісін дамыту; жалпы білім беру мазмұнын жаңғырту; білім нысандарын, технологияларын ұйымдастыру, білім беру сапасын қамтамасыз  етудегі механизмдерді жаңғыртуды жүзеге асыру; баланың жетістігін қалыптастыруға, жеке қабілеттілігін дамытуға бағдарланған қосымша білімге балалардың қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау.
Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді іске асыруда, білім беру жүйесінің мәселелерін шешу үшін, қолда бар барлық ресурстар жұмылдырылады, себебі, біздің негізгі мақсатымыз - сапалы білімсіз аймақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы мүмкін емес.
 


29.12.2017
2017 жылғы 29 желтоқсан күні жаңа жылдық «Қысқы ертегі» қар фигуралары конкурсының қорытындысы шығарылды.
Әділ қазылар алқасының пікірі бойынша үздік бірінші орынды иеленген «Хаски» композициясын орындаған «№6 жалпы білім беру мектебі» КММ командасы болды
20.12.2017
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ісшаралар жоспарына сәйкес
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған ісшаралар жоспарына сәйкес, білім ұйымдарында – «Ұлт көшбасшысы –біздің жерлес!» тақырыбындағы интеративтік сабақ, «Тәуелсіздік - мәңгілік елдің тұғыры» дөңгелек үстелі, К. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің концерттік бағдарламасы, кадет тобына салтанатты түрде қабылдау бойынша  «Тәуелсіздік туы астында» салтанатты  жиыны, «Қазақстан – менің мақтанышым!» ауызша журналы тәрізді бірқатар ісшаралар өткізілді

Ваша оценка оперативности обновления сайта?
Берген даустардың мұрағаты
 
 
 
 

 
 
 
 



Қантар, 1970
ДНСНСРБНЖМСБЖБ
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031