-
Бөлім туралы
- Статистикалық ақпарат
- Құрылу тарихы
- Бірінші басшының өмірбаяны
- Бөлімді басқару схемасы
- Бөлім құрылымы
- Жұмыс регламенті
- Азаматтарды қабылдау кестесі
- Байланыс ақпараты
- Байланыс ақпараты
- Бос орындар
- Басшының алғы сөзі
- Функционалдық міндеттері
- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы ақпарат
- Бөлім паспорты
- Жаңалықтар
-
Қаланың білім ұйымдары
- Саран қаласының № 1 орта жалпы білім беретін мектебінің ресми карточкасы
- Саран қаласы әкімдігінің №6 орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
- КМҚК «Жас техниктер станциясы»
- Коммунальное государственное казенное предприятие «Детская школа искусств №1» акимата города Сарани»
- Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Аленушка» бөбек жайы
- КГКП «Колокольчик»
- «Саран қаласы әкімдігінің, «Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі»ММ №7 орта жалпы білім беретін мектеп-интернаты» КММ
- «Саран қаласының әкімдігінің, Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі»комунальдық мемлекеттік мекемесінің № 2 Орта жалпы білім беретін
- Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің №13 орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
- «Саран қаласы әкімдігінің №16 орта жалпы білім беретін мектебі» КММ
- ОСШ №17
- «Балғын» балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
- “Березка” бөбек – жайы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
- КГКП ясли-сад «Малыш»
- «Колобок» бөбекжай» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
- «Саран қаласы әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі « Балалар мен жастар орталығы»
- № 3 балалар өнер мектебі
- « Саран қаласы әкімдігінің, « Саран қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің №4 орта жалпы білім беретін мектебі»
- «Сәуле» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
- Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Бахыт» балабақшасы»
- Бөлім жұмысының есебі
- Қаланың жетекшiлерi
- Қала туралы
- Сурет галереясы
- Қазақстан Республикасы
- Сілтемелер
- Нормативно правовые акты
- Мемлекеттік қызметтер
- Өзінен баста
- Аналитическая информация
- Противодействие коррупции
- Тамақтануды уйымдастыру
- Гражданские бюджеты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
- Басты
- Қазақстан Республикасы
- Қазақстан республикасының рәміздері
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы
Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты рәміздерінің бірі. «Флаг» термині «vlag» деген нидерланд сөзінен шыққан және белгіленген көлем мен түстегі, әдетте елтаңба немесе эмблема түрінде бейнеленген, діңгекке немесе бауға бекітілген мата ұғымын білдіреді. Ту ежелден елдің халқын біріктіру және оны белгілі бір мемлекеттік құрылымға сәйкестендіру міндетін атқарып келеді.
Тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік туы ресми түрде 1992 жылы қабылданды. Оның авторы – белгілі суретші Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2
Геральдика дәстүрінде әрбір түс белгілі бір ұғымды танытады. Мәселен, аспандай көк түс адам бойындағы адалдық, тазалық, сенімділік, мінсіздік сияқты қасиеттерді білдіреді. Сонымен қатар, көк түс түркі мәдениетінде терең символдық мәнге ие. Ежелгі түркілер аспанды тәңір-атаға балаған, ал олардың көк туы арғы ата-бабаларға деген адалдықты бейнеледі. Қазақстанның Мемлекеттік туында ол ашық аспанды, бейбітшілікті, игілікті білдірсе, түстің біркелкілігі еліміздің тұтастығын меңзейді.
Геральдика қағидаттарына сәйкес, күн байлық пен молшылықты, өмірді және күш-қуатты бейнелейді. Сондықтан еліміздің туындағы күн шапағы дәулеттілік пен бақуаттылықтың символы – алтын масақ пішінінде берілген. Қазақстанның мемлекеттік атрибутикасында күннің бейнеленуі еліміздің жалпыадамзаттық құндылықтарды қастерлейтінін дәлелдейді және жас мемлекеттің жасампаздық күш-қуатын, серіктестік пен ынтымақтастық үшін әлемнің барлық еліне ашық екенін айғақтайды..
Қыран (бүркіт) бейнесі – көптеген халықтардың елтаңбалары мен туларында ерте кезден бері қолданылып келе жатқан басты геральдикалық атрибуттардың бірі. Бұл бейне әдетте биліктің, қырағылық пен мәрттіктің символы ретінде қабылданады. Күн астында қалықтаған бүркіт мемлекеттің қуат-күшін, оның егемендігі мен тәуелсіздігін, биік мақсаттар мен жарқын болашаққа деген ұмтылысын танытады. Бүркіт бейнесі еуразиялық көшпенділердің дүниетанымында айрықша орын алады және олардың түсінігінде бостандық пен адалдық, өрлік пен ерлік, қуат пен ниет тазалығы тәрізді ұғымдармен ұштасып жатады. Алтын бүркіт кескіні жас егемен мемлекеттің әлемдік өркениет биігіне деген ұмылысын көрсетеді.
Мемлекеттік тудың сабының тұсына тігінен ұзына бойына кескінделген ұлттық өрнектер – оның маңызды элементі. Қазақ ою-өрнектері – дүниені көркемдік тұрғыдан қабылдаудың халықтың эстетикалық талғамына сай келетін ерекше бір түрі. Түрлі формалар мен желілер үйлесімін танытатын өрнектер халықтың ішкі әлемін ашып көрсететін мәнерлі көркемдік құрал болып саналады. Тудың сабын жағалай салынған ұлттық өрнектер Қазақстан халқының мәдениеті мен дәстүрін символдық тұрғыда бейнелейді.